Студенттерге арналған библиографиялық шолу

1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында С.Бәйішев атындағы ОӘҒК қызметкерлері Ақтөбе гуманитарлық колледжінің КТХ-205 тобының студенттері арасында «Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» атты ретроспективті библиографиялық көрсеткішке библиографиялық шолу өткізді.
ҚР Ұлттық кітапханасы аталмыш екі томдық библиографиялық көрсеткішті қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шығарды. Библиограф Ж.Жумагереева аталған көрсеткіштің құрылымымен таныстыра отырып, онда Н.Назарбаевтың шығармалары және өмірі мен қызметі туралы әдебиеттердің библиографиясы қамтылғаны туралы баяндап берді.
Сонымен қатар, ақпараттық-библиографиялық бөлім шығарған «Ұлтымыздың көшбасшысы – Нұрсұлтан Назарбаев» атты әдебиеттердің ұсыныстық көрсеткішімен таныстырып, онда жинақталған мәліметтер туралы айтып өтті.
Студенттер шараға белсенді түрде қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.