Ақынмен кездесу

30 қараша күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында ақын, жазушы, халықаралық Жазушылар Одағының мүшесі Ербол Бейілханмен кездесу кеші өтті.
Мақсаты: ақынның шығармашылығымен таныстырып, жастарға патриоттық рух беру, адамгершілік қасиеттерге баулу. Ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Кездесуге Ербол Бейілхан - ақын, жазушы, Халықаралық Жазушылар Одағының мүшесі және «Жыр жазамын жүрегімнен» атты жыр мүшәйрасының жеңімпаздары – Астана қаласынан Айжан Табарак, Семей өңірінен келген Сәтжан Кәріпбаев және ақтөбелік ақын-жазушылар, студенттер, оқушылар қатысты.
Ербол Бейілхан 1974 жылы Бай-өлке аймағының Үш Ойғыр елді мекенінде дүниеге келген. Қазақ әдебиетіне қосқан үлесі мен туған елінің абыройын асқақтатып жүрген ол - Моңғолия Республикасының «Алтын Елтаңба» төсбелгісінің иегері. Қазақ руханиятына сіңірген еңбегі үшін Б.Момышұлы атындағы төсбелгісімен марапатталған. Оның өлеңдері, әңгімелері испан, орыс, әзірбайжан, қырғыз, моңғол тілдеріне аударылып, антологиялық жинақтарға кірген.«Әжімсіз жүрек», «Маралоты», «Мәжнүнтал» жыр жинақтарының авторы.
Шара барысында ақындар өз туындыларын оқып, оқырман сұрақтарына жауап берді. «Ақын - елдің еркесі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, слайд көрсетілді.