Журналист Б. Әжниязовпен кездесу кеші

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай және Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 29 қараша күні Қазақстан журналистер Одағының мүшесі, "Ұлылықпен жүздесу". «Ұлылықпен жүздесу. Елбасы мен ақтөбеліктер» атты кітабының авторы, журналист Балнияз Әжниязовпен кездесу кешін ұйымдастырды .
Кездесу кеші ҚР Мемлекеттік Әнұранымен басталып, Ақтөбе облысының «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің үйлестірушісі Б.Жүнісов, Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Қ.Ермұхан, Ақтөбе облысының Құрметті азаматы, «ҚР Мәдениет саласының үздігі», еңбек ардагері Ө.Әкімов құттықтау сөз сөйледі.
Сонымен қатар, Елбасы Н.Ә.Назарбаевпен жүздесу бақытына ие болған еңбек ардагері Қ.Қабденов, Қазақстан Республикасының Құрметті журналисі А.Мектепбаев, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің аға оқытушысы, экономика ғылымдарының кандидаты Г. Ахметова, «Мега-Старс» үлгілі би және сән ансамблінің жетекшісі, көптеген Халықаралық байқаулардың лауреаты М.Мұратова, кәсіпкер Н.Жандосов қатысып, 1991-1992 жылдары Елбасы Н.Назарбаевпен алғашқы кездескен сәттері туралы әңгімелеп берді.
Шара барысында Б.Әжниязовтың «Ұлылықпен жүздесу. Елбасы мен ақтөбеліктер» атты кітабының тұсаукесері өткізіліп, көрермендер ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев туралы слайд фото-шежіре, «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» атты кітап көрмесін, бейнематериалдар тамашалады.