Рухани қазына» бағдарламасын іске асыру бойынша семинар.

28 қараша күні Ақтөбе облысы бойынша «Рухани қазына» жобалық кеңсесінде «Жобаны басқару негізінде «Рухани қазына» бағдарламасы жүзеге асыру» тақырыбында семинар тренинг өтті.Шараға Облыстық мәдениет архивтер және құжаттама басқармасының басшысы М.Қорғанбаева, қалалық, аудандық және тілдерді дамыту бөлімдерінің қызметкерлері қатысты. Басқарма басшысы М.Қорғанбаева мемлекеттік бағдарлама аясында «Рухани қазына» бағдарламасы бойынша бірнеше бағытта жұмыс істеліп жатқанын айтты. Ақтөбе облысындағы тарихи-мәдени ескерткіштерді жинақтау және жүйеге келтіру жұмысында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері үлкен роль атқаратындығын ерекше атап өтті, себебі тарихи ескерткіштердің дені аудандарда орналасқан. Семинарға қатысушыларға басты жобалық менеджменттің қалай жүзеге асырылатыны түсіндірілді.«Рухани қазына» жобалық кеңсесінің бас менеджері Н.Хасенов дәстүрлі менеджмент пен жобалық менеджменттің айырмашылығына тоқталды. Жобалық менеджментті барлық әлемде қолданады, ол арқылы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда үлкен жетістікке жетуге болатынын айтып өтті.