«Біз елбасымен біргеміз» атты Назарбаев оқулары өткізілді

28 қараша күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Біз елбасымен біргеміз» атты онлайн режимінде Назарбаев оқуларын өткізді.
Онлайн оқулары Ж.Бектуров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы мен қатар, Қарағанды қаласының М.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханасы және Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығымен бірге өтті.
Мақсаты: Елбасының ұстанымын, халық үшін жасаған ерен еңбегін үлгі етіп, жастарды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.
Шараға қатысқандар: Қаумешов Бекзат Болатұлы - Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің оқытушысы, жастар ісі комитетінің жетекшісі; Мұратбек Санақұлы Ержақыпов -«Нұр Отан» партиясының Ақтөбе қалалық филиалының консультанты; Дюсенова Айгүл Егізбайқызы -Ақтөбе облысының укіметтік емес ұйымдар қауымдастығының президенті. Көшкінбай Нұрмағамбетұлы Ахметов - «Азаматтық бақылау» жобасының үйлестірушісі; Əжмұрат Нұрбек Тағыбергенұлы - "НұрScience" ғылыми-əдістемелік мектебінің басшысы.
Шараны Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Қ.Ермұқан ашты. Кітапханашы Құрымбаева Лариса онлайн режимінде Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасындағы әріптестермен байланысқа шығып қонақтармен таныстырды. Шараға жиналғандар елбасының өмірі қызметі, оның еңбектері жөнінде айтты. №39 орта мектептің оқушылары Ж.Шәріп, Н.Есімов, А.Жылқайдаров, №47 мектептің оқушысы А.Калдина елбасыға арнау және оның нақыл сөздерін оқыды. «Елбасы елдің тұтқасы» бейне ролик көрсетілді.