СПИД – ғасыр дерті

28 қараша күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Болашақ» салауаттылық клубының кезекті отырысында Дүниежүзілік СПИД ауруына қарсы күрес күніне орай, дөңгелек үстел өткізді.
Шараның мақсаты - адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі СПИД дертінің алдын алу.
Ақтөбе облыстық СПИД-ке қарсы күрес орталығының маманы Нұрмағамбетова Айжан Маратоқызы оқырмандарға СПИД дертінің оның жұғу жолдары, оның алдын алу, одан қорғана білу жолдары туралы толық ақпарат берді.
Шара соңында оқырмандар тест тапсырмаларын орындау арқылы ғасыр дертінен сақтану жолдары бойынша білімдерін нығайтты.
Оқырмандар назарына «СПИД – ғасыр дерті» атты кітап көрмесі ұсынылды.