«Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры» МКҚКдиректорының бос тұрған лауазымына ашық конкурс

«Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ «Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры» МКҚК директорының бос тұрған лауазымына ашық конкурс жариялайды.
Орналасқан орны: 030007, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40, № 641 кабинет. Анықтама үшін телефон: 8(7132) 54-67-99. «Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры» МКҚК қызметінің мәні: театр өнері туындысын шығарып көпшілікке қою болып табылады.
Лауазымдық міндеттері:
Театрдың шығармашылық, өндірістік, шаруашылық және қаржылық қызметіне басшылық етеді; мүліктің сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді; сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; ұйым қызметінің саясаты мен стратегиясын анықтайды; қаржылық және материалдық жабдықтауды, күнтізбелік және ұзақмерзімді репертуарлық жоспарларды жасауды, репертуарды жалға беруді (прокат), жаңа және қайталанатын қойылымдарды (спектакльдер) әзірлеуді ұйымдастырады; қойылымдық топтар мен орындаушылардың құрамын, безендіру эскиздерін және макеттерін, жаңа және қайта қойылатын қойылымдардың (спектакльдер) жұмыс жоспарлары мен кестелерін бекітеді; ұйымды білікті мамандармен қамтамасыз ету және олардың кәсіби білімдері мен тәжірибелерін дамыту, еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастыру жөніндегі шаралар қабылдайды. Директор орынбасарларына, шығармашылық және өндірістік бөлімшелердің басшыларына және театрының лауазымдық тұлғаларына жұмыстың жеке бағыттарын бөледі; шарттарды және мәмілелерді жасайды, қажетті есептіліктердің ұсынылуын қамтамасыз етеді; ұйым жұмыскерлерімен еңбек шарттарын жасайды және бұзады; бұйрықтар шығарады, сотта, мемлекеттік органдарда және ұйымдарда ұйымның мүдделерін қорғайды.
Білуі тиіс:
1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясын; 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін; 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Мәдениет туралы»; 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы»; 1996 жылғы 10 маусымдағы «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы»; 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы»; 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңдарын.
Кәсіпорын басшысының лауазымына кандидатуралар іріктеу кезінде қойылатын негізгі талаптар мыналар болып табылады:
1) «өнер» мамандықтар тобы бойынша немесе «мәдениеттану» мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда басшылық лауазымдарда 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.
2) мамандығы бойынша экономика саласы кәсіпорнының бейініне сәйкес басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.
Конкурсқа мынадай тұлғалар қабылданбайды:
1) он сегіз жасқа толмаған;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар қажетті құжаттарды конкурс өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында («Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінде) соңғы жарияланған күнінен бастап 15 күнтізбелік күні ішінде «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ-не тапсырады:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзеді.