«Танысыңыз: жаңа кітап!» көрме – панорамасы

2017 жылдың 11 қазаны күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Танысыңыз: жаңа кітап!» атты көрме-панорама өтті.
Мақсаты: Кітапханаға жаңадан келіп түскен кітаптармен таныстыру, жастарды кітапханаға тарту. Қазақ ақын-жазушылары шығармаларының мазмұнына тоқталу, халқымыздың тарихын, мәдениетін насихаттау.
Кітапхананың кітап қоры жыл сайын озық үлгідегі жастар әдебиеті, осы заманғы Отандық және шетелдік көркем әдебиет, салалық әдебиеттермен толықтырылып тұрады. Келіп түскен кітаптар электронды каталогқа енгізіледі және оқырмандарға таныстырылады. Кітап жастардың ой-санасы мен талғам таразысын жан-жақты дамытуға әсер етеді, дүние жүзінде болып жатқан жаңалықтардан үнемі хабардар етеді. Кітапханашы Ұлжан Бектемирова Д.Қаузабекұлының «Алаш арқауы», М.Жұмағалиевтың «Бақыты үшін басқаның», О.Тұржан «Димаш», Д.Мойес «До встречи с тобой» кітаптарымен таныстырып, шолу жасады.
Шараға Ақтөбе гуманитарлық колледжінің сырттай оқитын бөлімнің студенттері қатысты.