«Рухани жаңғыру» - Ұлт мақтанышы

2017 жылғы 11 қазан күні Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында облыстық халық шығармашылығы үйінің ұжымы «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі, облыстық мәслихат депутаты, Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің директоры Ж.Мұхамбетпаизовамен кездесті.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы – қоғамның рухани жаңғыруына бағытталған стратегиялық маңызы бар құжат.
Кездесу барысында Жеңіскүл Сағидоллақызы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жобаларына тоқталып өтті. Атап айтсақ, латын қарпіне көшу, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Туған жер» т.б.
Шара соңында облыстық мәслихат депутаты барлық қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
«Біз "Рухани жаңғыру" бағдарламасының дамуына мәдениет қызметкерлері өз қолтаңбаларымен ерекше үлестерін қосады деп сенім білдіреміз. Ұлттық генетикалық кодымызды сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізе білейік! – деді депутат.