«Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам!» атты поэзия кеші өтті

9 қазанда С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім - инновация» лицей-интернатында «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам!» атты поэзия сағатын өткізді.
Мақсаты: Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығын насихаттау, жастарды, қоғамды кітап оқуға, кітапханаға шақыру.
«Бір ел - бір кітап» республикалық акциясына, жалпы халықтық оқуға қазақ ақыны, ағартушы, қоғам қайраткері, ойшыл С.Торайғыровтың шығармалары таңдалды. Ол солтүстік Қазақстан облысының Қызылтау ауданында туған. Ақын шығармаларында ескіні сынау, қазақ арасында көп кезігетін келеңсіз мінездер мен кертартпа әдет-ғұрып салтына қарсы күрес бой көтерді.
Шара барысында оқырмандар С.Торайғыровтың шығармашылығы жөнінде айтып, студенттер арасынан А.Жақсығали, Д.Құдайберген, Е.Қанатбаев А.Құрманғазы автордың «Оқу», «Шәкірт ойы», «Әйел», «Оқып жүрген жастарға», «Жақсылық көрсем өзіме» т.б. өлеңдерін оқыды. Кітапхана қызметкерлері «Кім жазықты?» шығармасынан көрініс қойып, «Алаш ұраны – Сұлтанмахмұт Торайғыров» атты слайд көрсетті.
«Қазақ поэзиясының аққан жұлдызы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітап көрмесінде қаламгердің шығармалары «Қамар сұлу», «Сарыарқаның жаңбыры», «Алаш ұраны» және ол туралы жазылған кітаптар, баспасөз мақалалары қойылды. Шараға кітапханашылар, кітапхана оқырмандары қатысты.