Драма театрында «Дураки» атты жаңа қойылым өткізілді

7 қазан күні Т.Ахтанов атындағы драма театрының орыс труппасы американдық драматург Н.Саймонның «Дураки» атты пьесасы бойынша қойылымымен 53-ші театралдық сезонды ашты.
Пьеса бойынша 300 жыл бұрын бір кішігірім ауылдың тұрғындары қарғысқа ұшырап жаппай ақымақ болып кеткен. Бірақ бұл жағдай оларға өмірдің барлық рахаттарын көруге кедергі болмайды, олар тек махаббат сезімінен айрылады.
Әрине комедия жанры бойынша бұл ауылға бір жас жігіт келіп тұрғындарды жаман аурудан құтқарғысы келеді. Мүмкін оның махабаты қарғыстан күштірек болар?
Қоюшы режиссер ретінде Калининград облыстық драма театрының режиссері Вячеслав Виттих шақырылған.
Ақтөбеліктерге В.Виттих «Сон в летнюю ночь» (У.Шекспир), «Панночка» (В.Гоголь), «Куклы» (В.Белякович), «Смешные деньги» спектакльдерімен танымал.