Құрақ құраудан шеберлік сағаты өтті

5 қазан күні «Руханият» Ақтөбе облыстық музейінің экспозициялық залында «Еңбек күніне» арналған «Шебер Арт» клубының қатысушысы Шакеева Ақмаралдың құрақ құраудан «Еңбек түбі – береке» атты шеберлік сағаты өтті.
Шара құрақ құраудың қарапайым және пэчворк технологиясын таныстыру әрі тәжірибе жүзінде көрсету, сонымен қатар жастардың қолөнерге деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында ұйымдастырылды. Шеберлік сағаты барысында қатысушылар құрақ құрау ережелері және пэчворк технологиясымен танысып, қолдағы бар материалдардан құрақ құрауды үйрену мүмкіндігіне ие болды.
Шараға облыстық «Нұр Ғасыр» орталық мешітінің сауат ашу курсының шәкірттері, қала мектептерінің мұғалімдері, «Қайырымды жандар» еріктілер тобының қатысушылары, «Қарттар және мүгедектер үйінің» қызметкерлері, музейдің Инстаграм әлеуметтік желісіндегі парақшасына тіркелген жазылушылары қатысты.
Қатысушылар мұндай шеберлік сағаттарын жиірек өткізу туралы тілек білдіріп, шебер - А.Шакееваға алғыс айтып тарқасты.