7 қазанда Ақтөбеде Алға ауданының күндері өтеді

«Туған жерім – нұрлы елім» акциясы аясында 7 қазан күні Ақтөбеде Алға ауданының күндері өтеді. Сағат 8-00 ден бастап «Табыс» коммуналдық базарында азық-түлік өнімдерінің жәрменкесі, сағат 11-00 де Есет батыр көшесінде Мәңгі алау маңында «Ел қорғаған ер Есет» атты көше мерекесі өтеді. Бұл жерде аудандық тарихи-өлкетану музейінің және кітапханасының көрмелері, Есет батыр көшесінің тұрғындарын марапаттау рәсімі және концерт ұйымдастырылады.
Сағат 17-00-де мерекелік шаралар ҚР Тұнғыш Президенті атындағы саябағында жалғасады. Ақтөбеліктерге неше түрлі көрмелер, сайыстар, спорттық ойындар ұсынылады. Сағат 18.00-де «Өрісі кең өлкем» атты Алға ауданынан шыққан эстрада жұлдыздары және жергілікті өнерпаздардың гала-концерті, Ақтөбеде болған су тасқынынан зардап шеккен отбасыларына қайырымдылық акциясы өтеді.