Н.Назарбаев Ақтөбе өнер орталығына барды

4 қазан күні мемлекет басшысы Н.Назарбаев «CNPC-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамының қаржысына салынған жаңа Өнер орталығын аралап көрді, деп хабарлайды Akorda.kz. Қазақстан Президентіне облыстық филармонияның шығармашылық ұжымдары өз өнерлерін көрсетті. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Өнер орталығының қызметкерлерімен кездесіп, оларға шығармашылық табыс тіледі. Өнер орталығындағы бірегей концерттік зал 1200 адамға арналған. Орталықта көпшілік қатысатын іс-шаралар мен шығармашылық концерттер өткізілетін болады.