«Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария»

2 қазан күні «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығының ұйымдастыруымен «Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария» атты халықаралық қарттар күніне арналған ауыл қарттарымен кездесу кеші ұйымдастырылды.
Мақсаты: жастарға осындай керемет жағдай жасап, қазіргі жақсы өмір сүруімізге себепкер болған, тылда жұмыс жасаған қарттарымызды құрметтеуге шақыру.
Мерекелік шараға арналып патриоттық әндер шырқалды. Ауылдың ақсақалы Түгелбай ата ақ батасын берді. Қарттардың құрметіне дастархан жайылды.