Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві

Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві
Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві алғашында Ақтөбе губерниялық мұрағат бюросы болып аталып, 1923 жылы құрылды. 1928 жылы губерниялық және уездік архив бюролары жойылып, солардың негізінде окугтік архив бюросы өмірге келді. 1932 жылы Ақтөбе облысының құрылуына байланысты облыстық атқару комитеті жанынан облыстық архив бақармасы құрылды.
Ақтөбе облысының мемлекеттік архивіне қарасты Қобда және Шалқар филиалдарымен бірге Алға, Әйтеке би, Байғанин, Ырғыз, Қарғалы, Мәртөк, Мұғалжар, Темір, Ойыл, Хромтау аудандарының мемлекеттік архивтері бар. 10 аудандық мемлекеттік архиві де мемлекеттік қызмет көрсетеді.
Қазіргі таңда мемлекеттік архивтің салалық топтары өз қызметінің мынадай негізгі бағыттарын анықтап, төменгідей құрамда жұмыс атқарады:
Ұлттық архив қорын жинақтау, сараптау және ведомостволық архивтерді бақылау тобы. Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорының құжаттардың құрамы мен мазмұны бойынша жұмысты оңтайландырады және ұйымдастырады. ведомстволық мұрағаттардың жұмысын бақылауды қамтамасыз етеді, Ұлттық архив қорының ведомстволық сақтаудағы құжаттарын ұйымдастырудағы мәселелер бойынша мекемелер мен ұйымдарға әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді.
Жоспарлар жасайды және бөлімнің жұмысы туралы есеп, сондай-ақ мемлекеттік архивтің келешектегі және жылдық жоспарларын белгілейді, бөлім қызметкерлеріне жоспарлы тапсырмалар беріп, олардың орындалуын бақылайды .Бөлім қызметіне қатысты мәселелер бойынша кеңес береді. Мемлекеттік архив дирекциясының сараптау-тексеру және әдістемелік комиссиялары жұмысына қатысады.
Құжаттарды есепке алу, сақтауды қамтамасыз ету және ГАА жетілдіру тобы. Мемлекеттік сақтаудағы Ұлттық архив қоры құжаттарын сақталуын қамтамасыз етеді, құжаттарды есепке алу мен қабылдауды әзірленген ережелер мен нормативтерге сәйкес ұйымдастырады. Аса құнды құжаттар және мемлекеттік архив құжаттарын жүргізу бойынша мақсатты құжаттардың құндылығын сараптау, анықтау және сақтауды ұйымдастырады және жүргізеді,сақталуын қамтамасыз етеді. Қорлардың тізімін құрайды, құнды құжаттарды анықтайды және сипаттайды. Қорлар жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін мақсатты құжаттардың құндылығын сараптайды, анықтайды, жетілдіру және қайта өңдеу бойынша тізімдемелер ұйымдастырады және жүргізеді. Архив қоймасынан істер беруді және олардың қайтарылуын бақылайды, архив құжаттарын сақтауда нормалар мен ережелерді сақтау, техникалық қауіпсіздік және өртке қарсы қорғау жұмыстарын ұйымдастырады және атқарады. Мемлекеттік архив дирекциясының сараптау-тексеру және әдістемелік комиссиялары жұмысына қатысады.
Құжаттарды пайдалану және жариялау тобы. Архивтегі құжаттардың мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың болуы туралы өзекті тақырыптар бойынша көрмелер, экскурсиялар, лекциялар, кездесулер, қоғаммен байланыс, радио және телехабар, сұраныстарын орындау, хабардар етуді ұйымдастырады. мекемелердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың және азаматтардың сауалдарына байланысты жұмысты ұйымдастыруды қамтамасыз етуге, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін орындалуы бойынша жұмыстар атқарады. Сұраныстардың орындалуын, анықтамалардың мерзімі мен дұрыстығын бақылайды. Мұрағат оқу залының жұмысын ұйымдастырады, мұрағаттық құжаттарды пайдалануда әдістемелік көмек көрсетеді. Архивтік анықтамалар беру үшін анықтама бөлімі арқылы мемлекеттік қызмет көрсетіледі.