Ішкі бақылау қызметінің 2012 жылға жүргізген бақылау іс-шаралар қорытындысы туралы ақпарат

Облыстық мәдениет басқармасы Ішкі бақылау қызметінің 2012 жылға жүргізген бақылау іс-шаралар қорытындысы туралы ақпарат
Ішкі бақылау қызметінің бақылау іс-шаралар Жоспарына сәйкес 2012 жылы басқармаға қарасты 8 мәдениет мекемелері мен кәсіпорындарында тақырыптық бақылау жүргізілді: «С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» ММ, «Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы» ММ, «Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі» ММ, «Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейі» ММ, «Әйтеке би аудандық «Халықтар достығы» мұражайы» ММ, «Облыстық «Алақай» қуыршақ театры» МКҚК, «Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры» МКҚК, «Облыстық хылық шығармашылығы Үйі» МКҚК.
Бақылау қорытындысы бойынша 42486,8 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды. Бұзушылықтардың негізгі бөлігі - еңбекақы төлеу, бухгалтерлік есепті жүргізу, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру бойынша бұзушылықтар болып табылады.
Бақылау іс-шаралары аяқталғаннан кейін бақылау объектілеріне бұзушылықтарды жою, негізсіз пайдаланған сомаларды өтеу және қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдау, бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде Ұсынымдар жіберілді. Жолданған 7 Ұсынамнан 6 орындалды.
Бақылау нәтижесі бойынша 5 лауазымды тұлғаға тәртіптік жаза қолданылды. Бір бақылау объектісі бойынша материалдар, әкімшілік жауапкершілікті көздейтін құқық бұзушылық белгілерін анықталуына байланысты, қаржылық бақылау инспекциясына жіберілді.
Алдағы уақытта бұзушылықтарды болдырмау мақсатында ішкі бақылау қызметі нормативтік-құқықтық актілерді түсіндіру және қолдану жөнінде тұрақты жұмыс жүргізуде.