«Облыстық халық шығармашылығы үйі» МКҚКдиректорының бос тұрған лауазымына ашық конкурс

«Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ «Облыстық халық шығармашылығы үйі» МКҚК директорының бос тұрған лауазымына ашық конкурс жариялайды.
Орналасқан орны: 030007, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40, № 641 кабинет. Анықтама үшін телефон: 8(7132) 54-67-99. «Облыстық халық шығармашылығы үйі» МКҚК қызметінің мәні: мәдениет саласында өндірістік-шаруашылық қызметін жүзеге асыру болып табылады.
Лауазымдық міндеттері:
мәдени-демалыс ұйымдарының қызметтеріне басшылық етеді;
шығармашылық, әдістемелік, мәдени-ағартушылық жұмыстардың жоспарларын жасауды және жүзеге асыруды ұйымдастырады, жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын жүргізеді; байқаулар мен фестивальдарды, халық шығармашылығының байқауларын, көркемөнерпаз жетекшілерінің семинарларын дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді; көркемөнерпаз ұжымдарының жұмыстарын бақылауды жүзеге асырады; саябақтың және оның бөлімшелерінің аумағында эстрадалық театрлар, кинодәрістер, планетриялар, кітапханалар, би және ойын павильондары мен алаңдар, мұз айдындар, шаңғы және қайық станцияларын, мәдени-тұрмыстық және спорттық құрал-жабдықтарды жалға беру базаларын, әртүрлі аттракциондар және халыққа қызмет көрсететін басқа нысандарды, сондай-ақ үрмелі аспаптар және эстрадалық оркестрлерді, көркемөнерпаздар ұжымын, әртүрлі секцияларды ұйымдастырады; бақ-саябақ шаруашылығының дамуын және сақталуын қамтамасыз етеді; білікті мамандарды әдістемелік құралдар, сценарийлер, репертуар жасауға, осы материалдарға пікір жазу және көркемөнерпаздар ұжымына шығармашылық көмектер көрсету жұмыстарына тартады; мамандарға кәсіби шеберліктерін арттыру үшін жағдайлар жасайды, жұмыскерлердің шығармашылық бастамаларын ынталандырады;ұйым қызметкерлерінің өндірістік және еңбек тәртіптерін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауларын бақылайды.
Білуі тиіс: Конституцияны; Бюджет кодексін; Еңбек кодексін; Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңдарын;
1193 Үкімет Қаулысын;мәдениет саласындағы заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді; мәдени-демалыс жұмысының түрлері мен әдістерін, халық шығармашылығының даму перспективаларын, отандық және шетел әдістемелік орталықтарының және көркем өнерпаздар ұжымдарының жұмыс тәжірибелерін.
Кәсіпорын басшысының лауазымына кандидатуралар іріктеу кезінде қойылатын негізгі талаптар мыналар болып табылады:
1) қажетті бейіні бойынша жоғары білімінің және тиісті саланың уәкілетті органы (ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғауминистрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы №201-ө-м бұйрығымен бекітілген басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы) бекіткен біліктілік талаптарына сәйкес келетін кәсіби даярлық деңгейінің болуы;
2) мамандығы бойынша экономика саласы кәсіпорнының бейініне сәйкес басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.
Конкурсқа мынадай тұлғалар қабылданбайды:
1) он сегіз жасқа толмаған;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар қажетті құжаттарды конкурс өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында («Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінде) соңғы жарияланған күнінен бастап 15 күнтізбелік күні ішінде «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ-не тапсырады:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзеді.