«Түркістан – түркі әлемінің мәдени астанасы» атты кітап көрмесі жабдықталды

2017 жылдың 15 мамыры күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай «Түркістан – түркі әлемінің мәдени астанасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
2017 жылы Түркістан қаласы - түркі әлемінің мәдени астанасы болып жарияланды. Өйткені Түркістан мәдени жағынан қарқынды дамып келеді. Ол жерді барлығы түбі бір түркінің бәрі тәу ететін Қожа Ахмет Иасауидің елі ретінде құрмет тұтады.
Кітап көрмесіне С.Бизақовтың «Түбі бір түркілер», Н.Келімбетовтың «Түркі халықтарының ежелгі әдеби жәдігерліктері», «Түрік шежіресі», басқа да кітаптар мен газет-журналдар қойылды.
Көрмені кітапханашы Л. Құрымбаева таныстырып, еліміздің мәдениеті, тарихының орталығы - Түркістан қаласы жөнінде ақпарат берді. Кітап көрмесі жыл аяғына дейін жалғасын табады.