Кітапханадағы отбасылық оқу чемпионаты

2017 жылғы 15 мамырда, Халықаралық отбасы күні, Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Әкем, шешем және мен, өнерліміз шетінен» отбасылық оқу чемпионаты өтті.
Шараға «Шаңырақ» отбасылық оқу клубының мүшелері Тимелиевтер, Елкелділер, Бүркітбаевтар отбасылары қатысып, отбасымен оқыған шығармаларынан алған әсерлерімен бөлісті. «Ертегілер әлеміне саяхат» бөлімінде отбасылық ертегі құрастырылды.
«Отбасы – Отанымыздың ошағы» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды. Оқырмандарға №52 орта мектеп оқушылары «Отбасым – алтын мекенім» атты әдеби монтаж ұсынды.