Суретші Қ. Телжановтың өмірі мен шығармашылығы туралы сөз қозғады

2017 жылғы 11 мамырда С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өнер әдебиеттері бөлімінің ұйымдастыруымен Ақтөбе гуманитарлық колледжінде суретші, КСРО және ҚазССР-інің халық суретшісі, ҚР ҒА-ның корреспондент мүшесі, профессор, Қ.Телжановтың туғанына 90 жыл толуына арналған «Сырлы бояудың сырын меңгерген» атты тақырыптық кеш өткізілді. Оған кітапхана қызметкерлері, Ақтөбе гуманитарлық колледжінің оқытушылары мен студенттері қатысты.
Шара барысында «Сиқырлы қалам шебері» атты кітап көрмесімен өнер әдебиеттері бөлімінің кітапхананшысы А.Келмағамбетова таныстырды.
Сондай–ақ, Ақтөбе гуманитарлық колледжі технология бөлімінің оқытушысы Р.Даулетиярова «Қанафия Телжановтың шығармашылығы мен қоғамдағы қызметі» жайында баяндама оқып, суретшінің шығармаларын жиі қолданатындығын айтып өтті және қылқалам шеберінің шығармашылығына арналған слайдпен таныстырды.
«Қазақтың халық суретшісі Қанафия Телжановтың шығармашылық портреті» тақырыбында аталмыш колледждің технология бөлімінің 4 курс студенті А.Нұрымова: Қанафия аға қазақ жеріндегі кескіндеме өнерінің дамуындағы шынайы өмірдің көркем бейнесін игерудің жаңа кезеңін ашқан қылқалам шебері. Қазақ кескіндеме өнерін алға жылжытып, жүздеген көркем туындыларды дүниеге әкелген, ол бүкіл шығармашылығын қазақ халқының тыныс-тіршілігіне арнап, ондағы халқымыздың рухани дүниетанымының өзіндік ұлттық сипатын жазбай танып, жаңылмай көрсете білді, - деп атап көрсетті.
Кешке белсене араласқан СБ - 315 тобының студенті Ш.Игілікова Құрманғазының «Адай» күйін орындады. Шара соңында қатысушыларға Алғыс хаттар берілді.