ҰОС ардагерлерінің жеке қорлары бойынша лекция-сабақ

2017 жылғы 10 мамыр күні ҰОС Жеңісінің 72 жылдығы аясында Жайсаң көпсалалы колледжінің Мәртөк филиалында Мәртөк ауданының мемлекеттік архиві мәртөктік ҰОС ардагерлері Г.Н. Чучвага және М.К. Кузбаевтың жеке қорлары бойынша лекция-сабақ өткізді. Кездесу өте қызықты өтті - архив меңгерушісі Н.Жамбусынова архив жұмысы, сақталатын құжаттар туралы айтып, оқушыларды ҰОС ардагерлерінің өмірбаяндарымен таныстырды. Жеке қорлардың құжаттары, кейіпкерлердің естеліктері, соғыс жылдарының фотосуреттері көрсетілді. Оқушылардың сұраулары бойынша туыстары туралы деректерді іздеуді қалай бастау керек, генеологиялық сұранысты қалай жазу, қандай архивтерге жолдау, соғысқа қатысушылардың мәліметтерін интернет-ресурстар арқылы қалай іздестіру керектігі туралы кеңестер берілді. Сонымен қатар оқушылар ҰОС жылдары Мәртөк ауылында орналасқан әскери тұтқындар госпиталінің тарихымен танысты.