Бейбіт өмір сыйлаған батырларымызды бір минуттық үнсіздікпен еске алды

9 мамыр күні Ұлы Жеңісті ұлықтау шарасына Тыл ардагерлері мен Әлия ауылының тұрғындары шақырылды.
Шара Бұлақ ауыл округінің әкімі Бақыт Сағидоллаұлы мен Әлия Молдағұлованың туысы Шакенова Мәриям апайдың батырдың рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Әлия ескерткішінің алдына жиналғандар бейбіт өмір сыйлаған батырларымызды бір минуттық үнсіздікпен еске алды.
Көрермендерге Ұлы Жеңіс күніне арналған театрландырылған көрініс көрсетілді. Сол кезеңдегі қуанышты хабарлар, қаралы қағаз алған халықтың қайғы-мұңы бейнеленді.