Сыбайлас жемқорлық тақырыбын талқылады

5 мамыр күні С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті «Әдебиет» жобасы аясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» атты екі тілде жарық көрген кітаптың таныстырылымын өткізді.
Департаменттің басқарма басшысы Б.Маханалин «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» атты кітаптың құрылымына тоқталып, бізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің дүниетанымдық, этикалық, рухани аспектілерін жан-жақты көрсететін тиісті әдебиет әлі аз, ал бұл проблема бойынша қолда бар әдебиет көбіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің құқықтық аспектілерін ашуға бағытталғанын айтып өтті.
Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Қ.Ермұқан және С.Бәйішев атындағы әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Н.Жұмағұл өз пікірлерін білдіріп, «Әдебиет» жобасы аясында кітапханада кітап қорларын толықтыру шараларды көптеп ұйымдастырылып, әдістемелік нұсқаулықтар дайындалып, аудандық кітапханаларға таратылатынын айтып өтті.
«Әдебиет» жобасы аясында облыстық кітапханада «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баянды болашақтың кепілі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.