Балаларға арналған ауызша журнал

2017 жылғы 5 мамыр күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері облыстық арнаулы есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернатының білім алушылары арасында 9 мамыр Жеңіс күніне арнап «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» атты ауызша журнал өткізді.
Ұлы Отан соғысының аяқталғанына биыл 72 жыл толып отыр. Қазақстан - бұл сұрапыл соғыстағы жеңіске үлкен үлес қосты. Қасиетті де қастерлі Отан үшін жан беріп, жанын пида еткен батырларды жыл сайын еске алып, олардың рухына тағзым ету – біздің кейінгі ұрпақтың ең басты парызы.
Өткізілген ауызша журнал 4 беттен тұрды:
1 бет – Ұлы Отан соғысының тарихы;
2 бет – Ұлы Отан соғысы батырлары;
3 бет- «Жеңіс даңқы мәңгілік» атты слайд;
4 бет- «Тапқыр достар».
Шара барысында кітапханашы Шамеденова Бибігүл Отан үшін болған Ұрыстың маңызы және онда қаза болған бабаларымыздың ерліктері жөнінде әңгімелеп берді. Оқушылар Ұлы Отан соғысы жылдарына байланысты викториналық сұрақтарға жауап беріп, сөзжұмбақтар шешті. Сонымен қатар оқушылар кітапхана қызметкерлері дайындаған «Жеңіс даңқы мәңгілік» атты слайдты тамашалады.
«Желбіре, Жеңіс жалауы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, патриоттық әндер орындалды.