- «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығы

«Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығы 2005 жылы Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың 80 жылдық мерей тойы қарсаныңда ашылды.
«Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығының мақсаты – жастардың өз Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, облыс көлемінде тұратын барлық халықтардың әдет-ғұрпы мен дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.
Орталық облыстан 70 шақырым жерде батыр қыздың елі Қобда ауданы Әлия ауылында орналасқан. Орталықта мәдени-спорттық шаралар өткізуге және жастардың демалуына толық жағдай жасалған. Ресей Федерациясындағы Ә.Молдағұлова атындағы Мәскеу, Санкт-Петербург қаларындағы және Псков облысындағы мектептер музейлермен тығыз байланыста жұмыс жасайды.
Түрлі бағыттағы шаралар: семинар, байқау, жастар форумы, акция, туристік слеттер ұйымдастырылумен қатар, дәстүрлі батырдың туған және еске алу күніне орай апталықтар, соғыс ардагерлерімен, ауған жауынгерлерімен, әскер қатарына шақырылған жастармен кездесулер, «Ерлік сабақтары» атты шаралар тұрақты түрде өткізіледі.
Патриоттық орталығы жанында «Балауса» атты қыздар клубы және «Жас ұлан» атты ұлдар клубы жұмыс жасайды.
Ақтөбе облысы.
Қобда ауданы.
Әлия ауылы,
«Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығы.
Тел.: 8( 71341) 24-5-95