- Облыстық С.Бәйішев атындағы ғылыми әмбебап кітапханасы

1932 жылы 10 наурызда Ақтөбе облысы құрылып, орталық қалалық кітапхананың негізінде Ақтөбе облыстық кітапханасы ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 қыркүйектегі (Қазақстан Республикасы Үкіметі Қаулысына қосымша №1436) қаулысымен Ақтөбе облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасына біздің жерлесіміз,көрнекті ғалым, академик Сақтаған Бәйішұлы Бәйішевтің есімі берілді.
Бүгінде С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап - ғылыми кітапхана облыстың ақпараттық ресурстарын сақтайтын ең үлкен орын болып табылады. Кітапхананың кітап қорында 355 мыңнан астам әдебиеттер бар.Кітап қорында 395 сирек кездесетін кітаптар жинақталған,олар Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының каталогына тіркелген.Кітап қорында көркем әдебиет,қоғамдық-саяси және шет тіліндегі әдебиеттер,ноталық басылымдар жинақталған.
С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының 12 бөлімінде 45кәсіби кітапханашы мамандар жұмыс жасайды. Олардың ішінде 32 маманның жоғары арнаулы білімі,13 қызметкердің орта арнаулы білімі бар.
Еліміздің танымал ақын-жазушылар шығармаларын насихаттай отырып,көпшілік оқырмандардың көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру,эстетикалық талғамын қалыптастыру мақсатында «Абай әлемі», «Қаламгер», «Оқитын өлке», «Қылқалам әлемі» Жобалары аясындаәр түрлі мәдени-шаралар:олардың ішінде әдеби кештер,жергілікті жазушылар,ақындар,қоғам қайраткерлерімен дөңгелек үстел басындағы кездесулер,ашық кітап көрмелері,конференцияларөткізіледі.
«Руханият», «Жас қалам», «English club» және де басқа қызығұшылық үйірмелер оқырмандарға қызмет көрсетеді.
Біздің мекен-жайымыз: Ақтөбе қаласы, 11 шағын аудан,112"Е","Д"секциясы
Факс (83132) 23-74-00
Электрондық жәшік: AKTUBE_ KITAP@mail.ru
Кітапхананың сайті : Www.baishev.kz