- «Ақтөбе облыстық тарихи-мәдени мұраларды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясы» ММ

Ақтөбе облыстық тарихи-мәдени мұраларды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясы 1992 жылы 28 желтоқсанда құрылды.
«Ақтөбе облыстық тарихи-мәдени мұраларды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясы» ММ Ақтөбе облысы аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау, есепке алу, жаңғырту, қайта қалпына келтіру, насихаттау және пайдалану жұмыстарын, тарихи орталықтарды қайта жаңғырту, қалаларды және басқа да елді мекендерді жоспарлау, салу және қайта құру жұмыстарын үйлестіруді қамтамасыз ету болып табылады.
Мемлекеттік мекеме ескерткіштерді есепке алу, қорғау, қайта жаңғырту мәселелері бойынша қызметін ғылыми-зерттеу институттарымен, атап айтқанда, «Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты» РМҚК, «Ә.Марғұлан атындағы археология институты» РМҚК, Республикалық «Материалдық мәдениет ескерткіштерін ғылыми-зерттеу және жобалау институты», музейлер, архивтер, ескерткіштерді қорғау Қазақ қоғамы бөлімдерімен, жергілікті әкімияттармен, мәслихаттармен, басқа да мүдделі жеке тұлғалармен, Халықаралық және отандық ұйымдармен өзара байланыстар жүргізеді.
Мекен-жайы: Индекс: 030007, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қаласы, Жеңіс даңғылы, 31 үй, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония ғимараты, 209-211 бөлмелер, тел/факс: 8 (7132) 50-85-40; 90-75-24 Электрондық пошта: madenimura_ak@mail.ru