- Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония

Ақтөбе облыстық филармониясының негізі 1944 жылы қыркүйек айында қаланған. 1998 жылы оған қазақ музыка өнерінің көрнекті қайраткері, КСРО халық артисі, композитор Ғазиза
Жұбанованың аты берілді.
Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның қазіргі стандарттарға сай, мәдени шараларды жоғары деңгейде өткізуге және оны дайындауға мүмкіндігі мол, әрбір ұжымның даярлық жасауға арналған кең де жарық кластары және 401 орындық көрермендер залы бар. Ұжымдар музыкалық аспаптармен және киімдермен қамтамасыз етілген.
Жыл сайын облыстық филармонияда көптеген дәстүрлі фестиваль-конкурстар Республикалық және Халықаралық деңгейде өткізіледі, атап айтатын болсақ «Жұбанов көктемі» атты дәстүрлі халық аспаптар оркестрлерінің және хор музыкасы, джаз музыкасы, жас вокалистер, «Классика» жас таланттар фестивальдары өткізіліп тұрады.
«А.Жұбанов атындағы» халық аспаптар оркестрі 2003ж құрылды. 2006ж қазақ кәсіби музыкасының негізін салушы, академик Ахмет Жұбановтың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде атап өтілді. Осы мерекенің жалғасы ретінде 2007 жылдың қаңтар айынан бастап қазақ ұлт аспаптар оркестріне А. Жұбанов атағы берілді. Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері Қ.Р. мәдениет қызметкері, профессор, композитор Қайырғали Қожанбаев жетекшілік етеді. РФ Магнитогорск қаласында өткен «Европа-Азия-2007» халықаралық халық аспаптар оркестрлері және ансамблдерінің фестивалінде Гран-При иегері.
Камералық хор облыс көлеміндегі ғана емес, Республикадағы жетекші шығармашылық ұжымдардың бірі болып табылады. Халықаралық «Жұбанов көктемі-2007» хор музыкасы фестивалінің лауреаты. Көркемдік жетекшісі және дирижері-А.Имухамбетова. Репертуарында хор жанрының классикалық және қазіргі шығармаларды толықтырылып отырады.
Эстрада-симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі Ә.Ермекбаев. Репертуарында кинофильмдер музыкалық шығармалары және ақтөбелік, қазақстандық композиторлардың шығармаларымен толқтыруда.
Облыс әкімінің «Аққу» би ансамблі 2000 жылы құрылды. 2003 жылы Астанада өткен «Шабыт» Халықаралық конкурсында 1-дәрежелі лауреат атағын алды. Ш.Жиенқұлова ат. байқаудың дипломанты, Қырым, Түркияда өткен халықаралық фестивалдердің лауреаты, Сирия астанасы Дамаск қаласында өткен Халықаралық ұлттық өнер фестивалінде өнер көрсетіп қайтты. Көркемдік жетекшісі ҚР еңбек сіңірген қайраткері.
«Саз» балалар студиясы 2006ж ашылды. көркемдік жетекшісі Н.Малиновская. Студия жанында балалар хоры, би ансамблі, қазақ халық аспаптар, ән класы бар. «Саздың» жанындағы би ансамблі жастығына қарамастан, Гран-при иегері болды. Ал қазақ халық аспаптар оркестрі «Айналайын-2006» Халықаралық фестиваль-конкурсының ІІ дәрежелі лауреаты атанды. Студия әншілері Халықаралық «Радуга талантов» фестиваліне қатысып лауреат атағын жеңіп алды (РФ, Самара қаласы).
Классикалық музыка ансамблі көркемдік жетекшісі Марат Әйтімов. Ансамбль ұжымының шығармашылық жоспарында классикалық және қазіргі шығармаларын енгізіп, жаңарту жолында жүйелі жұмыс жасауда. Ансамблдің құрамында республикалық, халықаралық байқаулардың, фестивалдердің жүлдегерлері Марат Айтімов, Светлана Айтбаева, Жайлау Асылханов, Жұлдыз Нұрқасымова және т.б әншілер.
Филармонияның солистері және шығармашылық ұжымдары көптеген Республикалық және Халықаралық конкурстар мен фестивальдарға қатысады. Филармония жоспарында Қазақстанның қалаларын және жақын шет елдерін гастрольдық сапармен өз өнерлерін таныстыру, қазақ халық музыкасының әр түрлі ағымдарын және бағыттарын танымал ету және апта сайын филармония залында қала тұрғындары мен қонақтарына концерттік бағдарламасын ұсынады.
Мекен-жайы: Жеңіс даңғылы 31, байланыс телефондары 50-05-41