- Облыстық «Қобыланды мемориалдық кешені»

Қобыланды мемориалдық кешені 2007 жылы 8 қыркүйекте ашылды. Музей директоры Нәкеш Тұрсынғали. Кешеннің жалпы аумағы 2,6 га
Қобыланды батыр – атақты тарихи тұлға, жоңғар мен қалмақтарға қарсы соғысқан батыр, шамамен XV ғасырда өмір сүрген .
2007 жылы кесене салынды. Кесененің жерден жоғарыдағы айшығына дейінгі биіктігі 18 метр, диаметрі 12 метр, айналасында меңгір тастар орнатылған. Кіре берісінде балбал тастар орнатылған, биіктігі -2 метр.
Кесененің ішіне батырдың сүйегі жатқан жерге Қордай гранитінен қойтас қойылған.
Қойтастың салмағы 2 тоннадай, биіктігі 2 метр. Әдемі гравюрлік өрнектері бар. Кесененің еденіне өрнектелген гранит төселген. Кесене ішіне Қордай гранитінен қашалған шырақ орнатылған. Ортада тас шар жерді бейнелейді, үстінде алтын Самұрық құстың мүсіні бар, айналасында қойылған 8 (сегіз) барыстың жанында шырақ жанады. Композиция Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінен алынған.
Мавзолейдің ортасында ұштары күміс үш найза, олардың белін қалқанмен бекіткен, бұл туған жерді қорғауға дайын үш жүздің бірлігін білдіреді. Ұзындығы 4 метр. Композицияны жасаған алматылық ағайынды темірщі-ұсталар Тұрсынжан, Махмұт, Айтберген Құлмантегілер.
«Қобыланды батыр» комплексінің авторы белгілі архитектор Бек Ибраев. Музей қорында барлығы 257 экспонат бар.
Мекен-жайымыз: Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Жиренқопа селосы Тел.факс: 8 (71359) 36-6-86
Email: www. Kobуlandу @ mail. ru