- Облыстық Сағи Жиенбаев атындағы жасөспірімдер кітапханасы

Ақтөбе облыстық Сағи Жиенбаев атындағы жасөспірімдер кітапханасы 1979 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. 2000 жылы белгілі жерлес ақын Сағи Жиенбаевтың есімі кітапханаға берілді.
Кітапхана қорында 70 мың данадан астам кітаптар бар, соның ішінде 20 мыңнан астам дана мемлекеттік тіліндегі басылымдарды құрайды.
Кітапханалық жобалар:
· «Шапағат» - облыстық есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернатымен бірлескен қайырымдылық- өлкетану бағдарламасы;
· «Кітапхана – жастардың мәдени-демалыс орталығы» - жасөспірімдердің интелектуальді демалысын қамтамасыз ету, рухани шығармашылығын дамыту.
Акциялар:
· «Бір ел – бір кітап» - оқу мәдениетін дамыту және қолдау, тарихи-мәдени және рухани мұрамызды сақтау, ана тілімізге деген қамқорлық. Ұлттық әдебиеттерге деген оқырмандардың қызығушылығын арттыру және қолдау көрсету;
· «Оқы және өзгеге ұсын» - жастарды кітап оқуға тарту, қызығушылығын арттыру, рухани білімін арттыру.
· «Оқитын өлке» - өлкеміздің үздік әдеби шығармасына арналған облыстық акция;
Кітапхана құрамы:
1. Инновациялық әдістеме-библиографиялық бөлім;
2. Абонемент;
3. Оқу залы;
4. Электронды ресурстар залы;
5. Әдебиеттерді толықтыру және өңдеу бөлімі бар.
· Ақтөбе қаласының барлық оқу орындарының 1-курс студенттеріне арналған «Бұл сенің кітапханаң» атты таным-саяхат айлығы;
· Жастар шығармашылығын дамыту аясында «Астана – елімнің жүрегі» облыстық поэзия байқауы;
· «Сағи оқулары» өзге ұлт жастары арасында облыстық байқауы (поэзия, проза).
Кітапхана ұсынады:
· Қызығушылық клубтарының жұмысы:
«Шапағат» клубы
«Ақ қауырсын" өлкетану клубы
«Құрдастар» жас ақындар клубы