- Облыстық Н.Байғанин атындағы балалар кітапханасы

Н.Байғанин атындағы Ақтөбе облыстық балалар кітапханасы 1960 жылы 25-ші тамызда ірге тасы қаланды.
Кітапхананың жұмысындағы негізгі бағыттар – балаларға арналған кітаптарды және мерзімді басылымдарды сақтау және жетілдіру, балалардың бос уақытын пайдалы қолдану.
1981 жылы кітапхана Кереев көшесіндегі жаңа ғимаратқа көшірілді. Балалар кітапханасы ашылған күннен бастап қалаға және облысқа көзге көрінбесе де орасан зор жұмыстар атқарып келеді. Облыстағы барлық балалар кітапханаларының, оның ішінде ауылдық және мектеп кітапханаларының жұмыстарын дұрыс бағыттап, балалардың білімге деген құмарлықтарын, өмірге деген көзқарастарын жетілдіре түсуге үйрету мақсатында қызықты да, бағдарлы жұмыстар жасап отыр.
Бұл жұмыстарды атап өтсек: түрлі мерекелік бағдарламалар, кездесулер, жарыстар, акциялар, қолданбалы бейнелеу шығармашылығы көрмелері т.б. шаралар.
Н.Байғанин атындағы Ақтөбе облыстық балалар кітапханасының қорында бүгінгі күні 100 мың дана баспа құжаттары, соның ішінде 24 мыңнан астам дана мемлекеттік тіліндегі басылымдар құрайды.
Жыл сайын кітапхана қорына 2000-нан астам дана кітап түседі. Кітапхананың кітап қоры мемлекеттік тапсырыс есебінен, «Кітапханаға – кітап» акциясынан толықтырылып отырады. Кітапхана сондай-ақ 150 аталымнан астам мерзімді басылымдар атауларын жаздырып алады.
Кітапханада көркем классикалық әдебиеттерден бастап қазіргі жазушылардың шығармаларына дейін кітаптар таңдап алуға болады, сондай-ақ бірегей өнер туындыларынан тұратын жинақ альбомдары, энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалықтар – барлығы да оқырмандар үшін жиналған!
2001 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай дарынды, талантты ұл-қыздарымызды елге таныту мақсатында «Ақтөбе жыр құшағында» поэзия және сурет байқауы ұйымдастырылды. Тәуелсіздіктің 10 жылдығынан бастау алған бұл байқау жүйелі түрде жыл сайын өтіп келеді.
Кітапханада «Мейірімділік және қамқорлық» жобасы сәтті жобалардың бірі деуге болады. Кітапханашылар мүмкіндігі шектеулі оқырмандардың үйіне бару арқылы кітапхана мен бала арасындағы байланысты жалғастыруда. Және оларға арнап қызықты мерекелер мен кештер өткізіледі.
Кітапхана жұмысын насихаттауда БАҚ-ры ақпараттық демеушілік көрсетеді.
Кітапхана ұсынады:
· қызығушылық клубтарының жұмысы:
* «НЕГЕШ» танымдылық,
* «Атамекен» өлкетану-патриоттық,
* «Желкен» әдеби,
* «Ақбұлақ» экологиялық,
* «БОЛАШАҚ» салауаттылық,
* «Шаңырақ»отбасылық оқу клубы;
· облыстық балалар шығармашылық сайыстарына қатысу: сурет сайысы, «Ақтөбе жыр құшағында» атты балалар поэзиясының байқауы;
· «Кітап күндері» атты мерекелер (балалар кітабының апталығы, Халықаралық балалар кітабының күні, Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқығының күні, т.б.)
· «Кітаппен өткен жаз қызық» жазғы оқу бағдарламасы;
· «Жайлы саябақта – жақсы журнал» жобасы;
· Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы;
· Облыстық «Оқитын өлке» акциясы.
Біз Сіздері әр-дайым қуана қарсы аламыз:
Үзіліссіз сағ. 10-00-нан 18-00-ге дейін.
Жексенбі – демалыс күні, әр айдың соңғы күні – тазалық күні.
Мекен-жайымыз: Ақтөбе қ., Ж. Кереев к-сі, №7 үй
Байланыс телефондары:
қабылдау бөлімі 8(7132) 21-24-39; 21-48-26.
директор: 90-52-87
е-mail: odbib@mail.ru.