- Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапхана

Кітапхана бүгін:
Ақтөбе облыстық зағип және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы 1969 жылы 8 қазанда құрылған. Кітапхананың 1237 оқырманы бар. Кітаптың жалпы қоры 37665 дана, оның ішінде 10516 данасы мемлекеттік тілде, келушілер саны – 20652, кітап беру –33351 дана, арнаулы әдебиеттердің жалпы саны – 21343 дана, соның ішінде дыбыстандырылған әдебиеттер – 13940 дана, мемлекеттік тілде – 3796 дана, нүктелі-бедерлі әдебиеттер – 5696 дана, оның ішіде мемлекеттік тілде – 456 дана, СД дискіде – 1707 дана, мемлекеттік тілде – 781 дана.
Кітапхана қызметінің басымды бағыттары:
v Кітапханадағы кітап қорын оқырман және заман талабына сай етіп толықтыру;
v Кітапханалық және кітапханадан тыс қызмет түрлерін жетілдіру;
v Әр оқырманның рухани дамуына ықпал ету;
v Жаңа технология үрдістерін енгізу;
v Кітапхананы заманауи тифлоақпараттық техникалық құралдармен жабдықтау;
v Мүмкіндігі шектеулі оқырмандарға бос уақыттарын тиімді пайдалануларына жол ашып, олар үшін қарым-қатынас жасаудың мәдени, рухани орталығын құру.
Кітапхана құрылымы:
v оқу залы;
v оқырмандарға қызмет көрсететін бөлім;
v абонемент;
v фонотека;
v оқырмандардың жеке оқу кабинеті;
v оқырмандарға стационардан тыс қызмет көрсету секторы:
- үйден оқитын абонемент;
- дауыстап оқу үйірмелері «Руханият бұлағы»;
- «Брайльша үйренеміз» үйірмесі;
- «Жыр әлемі» жыр отауы;
- кітапхана пункттері.