2017 жылдың 19 сәуірі күні Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның концерттік залында филармонияның А.Жұбанов атындағы қазақ ұлт аспаптары оркестрі дәстүрге айналған «Ұрпақтар үндестігі» атты концертін өткізеді. Оркестрдің көркемдік жетекшісі - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дәурен Ғылымов, Бас дирижері ҚР мәдениет саласының үздігі - Мәдина Қабижанова.
Шара қаламыздағы №1 Балалар музыка мектебі оқушыларымен бірлесе өтеді, оқушылар оркестрдің сүйемелдеуімен ән айтып, түрлі аспаптарда ойнайды. Концерттік бағдарлама барысында оқушылардың орындауында Қ.Қожанбаевтың «Серпін», Шабельский-Шаргородскийдің «Тойбастар», А.Жайымовтың «Шалқыма», Румын халық әні «Бозторғай», А.Жұбановтың «Жез киік» шығармалары, Л.Хамидидің «Қазақ вальсі», Денцтің «Әткеншекте» әндері орындалады. Оркестрдің сүйемелдеуімен №1 Балалар музыка мектебінің қобызшылар, домбырашылар ансамбльдері, балалар хоры өнер көрсетеді. Концерттік бағдарламаны Құрманғазының күйі «Адай» тамамдайды.