«Сабақтастық көпірі» көрмесі

18 сәуір күні облыстық өнер музейінде суретші, қолданбалы өнер шебері Нұрсұлу Халилқызының жетекшілігімен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті 4 курс студенттерінің «Сабақтастық көпірі» атты бірлескен көрмесi ашылды. Ол 5 мамырға дейін жалғасын табатын болады.
Нұрсұлу Халилқызы еліміздің мәдени мұрасын тануға, сақтауға бағытталған, өз жұмыстарының нәтижесі, қорытынды есебі ретінде «Қолданбалы көркем өнер» сабағында орындалған студенттердің 30-ға жуық жұмысын ұсынды. Бұл көрме жастардың еліміздің ұлттық құндылықтары мен Отанға деген сүйіспеншілігін паш етеді.
Көрмеге Қ.Жұбанов атындағы жоғары оқу орны студенттері мен оқытушылары қатысты.