Кәсіби әншілер оқушылармен бірге ән шырқайды

17 сәуір күні Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның концерттік залында қала тұрғындары мен қонақтарына классикалық музыка ансамблі әртістері қаламыздағы орта мектептердің талантты оқушыларымен бірлескен «Қос жұлдыз» концертін көрермен назарына ұсынады. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Марат Айтимов. Концерттік бағдарламаның ерекшелігі кәсіби әртістер мектеп оқушыларымен қосылып, дуэт, трио, квартет орындайды. Бағдарлама барысында қазақ, орыс және шет ел композиторларының әндері және халық әндері орындалады. Концертте ҚР еңбек сіңірген қайраткері Марат Айтимов, ҚР мәдениет қайраткері Гүлсим Юсупова, халықаралық және республикалық конкурстар лауреаттары Гульфия Жұмабаева, Жұлдыз Нұрқасымова, Манзура Сапарова, Арман Төлесінов, Нұржан Қаражанов, Бағдат Сейіт, Алма Адаханова, Еркебұлан Құмаров, Айбат Мақашевтар балалармен қосылып өнер көрсетеді.