«Алаш тарихының ақиқаты» танымдық сағаты

2017 жылдың 12 сәуірі күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Алаш партиясының және Алаш Орда үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуына орай «Алаш тарихының ақиқаты» танымдық сағаты ұйымдастырылды.
Биыл Алаш партиясының құрылғанына - 100 жыл. Бұл – Ұлттық демократиялық қозғалыс тарихындағы елеулі кезең. Қазақ жері екі ғасырдан астам Ресейдің қол астында болған жылдары өз тағдырын өзі билеу құқығынан айырылғаны бізге тарихтан белгілі. Қазақ елінің осы бір қасіретін халықтың озық ойлы, көзі ашық өкілдері аңғара бастады. Олар халықты саяси күрес додасына бастап шықты. Олардың ішінде Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Ақбаев, Ә.Ермеков, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов, М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, Ғ.Қарашев, С.Торайғыров, Х.Ғаббасовтар болатын.
Шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Кітапханашы Махамбеталиева Бағдагүл қазақ халқының болашағы жолында басын бәйгеге тіккен азаматтардың тағдыры жөнінде толығырыақ мәлімет берді.
Сонымен қатар «Қазақ ұлтының зиялылары» атты кітап көрмесімен таныстырып, Алаш Орда үкіметінің тарихы жөнінде қойылған басылымдарға шолу жасады. Тақырыпқа сай слайд көрсетілді.