Әділ мен Дана өнер көрсетті

2017 жылдың 13 сәуірі күні Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармониясы концерттік залында республикамызға белгілі, әдемі ән, жарасымды дауыстарымен халқының жүрегінен орын алған жұлдызды жұп Әділ Сламхан мен Дана Махамбетова қала тұрғындары мен қонақтарына «Жаса, қазақ» атты жаңа концерттік бағдарламасын Ақтөбе қаласы көрермендеріне ұсынды. Концерттік бағдарлама барысында халық, Қазақстан және шетел композиторларының әндері орындалады. Және Дана Махамбетова қазақтың қара домбырасымен шығып, жеке әндер орындады. Қоңыр дауысты, жарасымды дуэт орындаған әншілерді көрермен жылы қабылдады.