Димаштың суреті бейнеленген баннер ілінді!

13 сәуір күні С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұжымының ұйымдастыруымен Қытайда «Мен әншімін» атты танымал телешоуда өнер көрсетіп жатқан жерлесіміз Димаш Құдайбергенді қолдау мақсатында Димаштың суреті бейнеленген баннер ілініп, «Димаш әлемдік сахнаға қазақ даласының кең тынысын алып шықты!» атты шара өтті.

Димаштың «Азияның ең танымал әншісі» атануы, «Халықаралық дәрежедегі танымал әнші» номинациясын жеңіп алуы – оның ерекше талант иесі екенінің шынайы белгісі.
Шараның ашылуында сөз сөйлеген кітапхана директоры Н.Жұмағұл Жұбановтардай киелі топырақтан шыққан Димашқа жүрекжарды лебізін білдіріп, сәттілік тіледі.
Өнер жанашыры, «Табылды Досымов» атындағы қордың директоры, ақын Б.Қалмағанбетов демеушілік көрсетіп, мәдениетке әрдайым қолдау көрсете беруге дайын екенін де айтты.
Ақтөбеліктер мен қала қонақтары, кітапхана оқырмандары мен Димаштың жанкүйерлері жиналды. Олар Димашқа ақ жол тілеп, жақсы көңіл-күймен тарқасты.