"Фəниде ел тірегі, бақида ел тілегі болған баба!" атты облыстық ақындар айтысы өтеді

Айтыс! Айтыс! Айтыс!
Облыстық халық шығармашылығы үйі 2017 жылғы 21 сәуір күні сағат 14-30-да Алға аудандық мәдениет үйінде (М.Горький көш., 3) Ақтөбе облысының 85 жылдық мерейтойына және Есет Көкіұлының туғанына 350 жыл толуына арналған "Фəниде ел тірегі, бақида ел тілегі болған баба!" атты облыстық ақындар айтысын өткізеді.
Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Алға ауданы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отырған жыр додасына Аян Сейітов, Марат Ахметов, Жұлдыз Қожабекова, Жәнібек Бейбітов, Нартай Тілеуқұл, Оразбек Қиынбаев, Әлихан Жақсылық, Данияр Алдабергенов сынды республикалық айтыстың жүлдегерлері қатысады.
"Фəниде ел тірегі, бақида ел тілегі болған баба!" ақындар айтысының әділ қазылар алқасының құрамына танымал ақындар, мәдениет және өнер қайраткерлері енді.
Достар баршаңызды сөз өнерін тамашалауға шақырамыз!
Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласуға болады:
22-11-60, 21-15-00, 21-77-80