Жолдаудың басым бағыттарына тоқталды

2017 жылғы 10 сәуір күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылауға арналған «Елбасының жолдауын қуаттаймыз!» атты мультимедиялық сабақ өтті.
Елбасы өзінің кезекті Жолдауында дамыған 30 елдің қатарынан көрініп, жас ұрпақтың болашағына даңғыл жол ашу, ұлттық құндылықтарымызды жоғалтпай, солардың қолына табыстау әрбір қазақстандықтардың міндеті екендігін айтты.
Шара барысында шағын бейнеролик көрсетілді. Кітапхана қызметкері Хамидуллина Бақтыгүл Жолдаудың басым бағыттарына тоқталып, Елбасының Жолдауын жүзеге асыру баршамыздың міндетіміз екендігін сөз етті. Жастар түрлі сауалдар қойып, өз ойларын ортаға салды.
Сонымен қатар тақырыпқа сай слайд көрсетіліп, «Жолдау жаңғырудың жаңа жолы» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге газет бетіне жарияланған Жолдау, кітапхана қорындағы Н.Ә.Назарбаевтың кітаптары, газет-журналдар бетінде жарияланған мақалалар, қазіргі Қазақстанның дамуы туралы электронды кітаптар қойылды.