Басқарма басшысы

Ақтөбе облысының әкімі Б.М. Сапарбаевтың 2017 жылғы 6 наурыздағы өкімімен Қорғанбаева Маржан Нағашыбекқызы «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ басшысы болып тағайындалды
Қорғанбаева Маржан Нағашыбекқызы Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық институтын мәдени-ағарту жұмысының ұйымдастырушы-әдіскері мамандығы бойынша, Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын педагогика және психология бакалавры мамандықтары бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1989 жылы облыстық ғылыми-әдістемелік орталықтың ғылыми-әдістемелік жұмыстар бөлімінің ғылыми қызметкері, мәдени-ағарту жұмыстары бөлімінің әдіскері болып бастаған. 1991 жылдың қыркүйек айынан бастап облыстық Халық шығармашылығы үйінің клубтық мекемесі бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған. 2003 жылдың маусым айынан бастап «Ақтөбе қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы қызметін атқарды.