- Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы ішкі бақылау қызметінің 2015 жылы жүргізген бақылау іс-шаралар қорытындысы туралы ақпарат

Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы ішкі бақылау қызметінің 2015 жылы жүргізген бақылау іс-шаралар қорытындысы туралы ақпарат
Ішкі бақылау қызметінің бақылау іс-шаралар Жоспарына сәйкес 2015 жылы барлығы 11 бақылау шаралары жүргізілді: 2 мекемеде – кешенді; 4 аудандық ұйымдарда мекеме баланстарындағы мүліктің сақталуы мен есепке алынуына бақылау жүргізілді; 3 қазыналық кәсіпорында -еңбекақының есептелуі мен төленуінің дұрыстығы бойынша; облыстық жасөспірімдер кітапханасында – мекеме ғимаратының күрделі жөндеуіне бөлінген бюджет қаражатының пайдалануын бақылау; облыстық планетарийде – мәдени шараларға бөлінген бюджет қаражатының мақсатқа сай пайдалануын.
Бақылау қорытындысы бойынша 67821,8 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: бюджет қаражатын және мемлекет активтерін Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының нормаларын бұза отырып пайдалану кезінде – 886,2 мың теңге; бухгалтерлік есеп және бюджеттік рәсімдерді жүргізу кезінде – 21269,3 мың теңге; бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының нормаларын бұза отырып пайдалану кезінде – 45666,3 мың теңге.
Бақылау іс-шаралары аяқталғаннан кейін бақылау объектілеріне бұзушылықтарды жою, негізсіз пайдаланған сомаларды өтеу және қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдау, бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде Ұсынымдар жіберілді. Бақылау нәтижесі бойынша 541,2 мың теңге бюджетке өтелді, 1508,5 мың теңге қалпына келтірілді. Тәртіптік жауапкершілікке 10 лауазымды тұлға, әкімшілік жауапкершілікке 1 лауазымды тұлға тартылды.
Бұзушылықтарды болдырмау мақсатында есепті жыл ішінде ішкі бақылау қызметімен нормативтік-құқықтық актілерді түсіндіру және қолдану жөнінде жұмыстар жүргізілді.