Хабарлама

2015 ж. 18 маусым жарияланды
«Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ
«Руханият» Ақтөбе облыстық музейі» МКҚК директорының бос тұрған лауазымына ашық конкурс жариялайды.
Конкурс «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ-де 2015 жылғы 13 шілдеде №660 бөлмеде өтетін болады.
Орналасқан орны: 030007, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40, № 641 кабинет. Анықтама үшін телефон: 8(7132) 54-67-99. ««Руханият» Ақтөбе облыстық музейі» МКҚК қызметінің мәні: исламның, оның діни ілімінің пайда болуы туралы материалдарды жинау, зерттеу, әлемдік және дәстүрлі діндер туралы материалдар ұсыну. Әлемдік және дәстүрлі діндердің татулығы мен келісімін қолдау, облыс тұрғындары барлық топтарының мәдени және рухани дамуын жоғарылату кәсіпорын қызметінің мақсаты болып табылады.
Кәсіпорын басшысының лауазымына кандидатуралар іріктеу кезінде қойылатын негізгі талаптар мыналар болып табылады:
1) қажетті бейіні бойынша жоғары білімінің және тиісті саланың уәкілетті органы ( ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғауминистрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы №201-ө-мбұйрығымен бекітілген басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы) бекіткен біліктілік талаптарына сәйкес келетін кәсіби даярлық деңгейінің болуы;
2) мамандығы бойынша экономика саласы кәсіпорнының бейініне сәйкес басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.
Конкурсқа мынадай тұлғалар қабылданбайды:
1) он сегіз жасқа толмаған;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.
Білуі қажет: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Мәдениет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасының «ҚР Мәдени саясат тұжырымдамасы туралы» Жарлығын білу.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар қажетті құжаттарды конкурс өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында («Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінде) соңғы жарияланған күнінен бастап 15 күнтізбелік күні ішінде «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ-не тапсырады:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзеді.