- Облыстық мәдениет басқармасы ІБҚ 2014 жылға жүргізген бақылау іс-шаралар қорытындысы туралы ақпарат

Ішкі бақылау қызметінің бақылау іс-шаралар Жоспарына сәйкес 2014 жылы барлығы 7 тақырыптық бақылау шаралары жүргізілді: 3 музейде – бюджет қаражат пайдалануының ҚР бюджет заңнамасына сәйкестігіне; басқарманың өзінде – мәдениет ұйымдары штаттық кестелерінің бекітілген үлгілік штаттарына сәйкестігіне және «Мемлекет қайраткерлерін мәңгі есте сақтау» бюджеттік бағдарламасы бойынша бөлінген қаражаттың пайдалануына; 2 мекемеде – мекеме балансындағы мүлігінің сақталуын бақылау.
Бақылау қорытындысы бойынша 101070,9 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: бюджет қаражатын және мемлекет активтерін Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының нормаларын бұза отырып пайдалану кезінде – 47275,4 мың теңге; бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілік жасау кезінде – 40117,3 мың теңге; бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының нормаларын бұза отырып – 13678,2 мың теңге.
Бақылау іс-шаралары аяқталғаннан кейін бақылау объектілеріне бұзушылықтарды жою, негізсіз пайдаланған сомаларды өтеу және қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдау, бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде Ұсынымдар жіберілді. Жолданған 6 Ұсынымнан 6 толығымен орындалды. Бақылау нәтижесі бойынша 218,3 мың теңге бюджетке өтелді, 270,8 мың теңге қалпына келтірілді. Тәртіптік жауапкершілікке 4 лауазымды тұлға тартылды.
Алдағы уақытта бұзушылықтарды болдырмау мақсатында ішкі бақылау қызметімен нормативтік-құқықтық актілерді түсіндіру және қолдану жөнінде тұрақты жұмыс жүргізілуде.