Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының 2014 жылдың 11 айына көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есебі

«Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ-сі ұсынатын мемлекеттік қызметтер:
1. «Мұрағат анықтамаларын беру»;
2. «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру»;
3. «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру».
2014 жылдың 11 айында мұрағат саласында облыс бойынша «Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілген қызметтер саны – барлығы : 7530;
Соның ішінде:
ХҚКО арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 583;
«Электрондық үкімет» арқылы – 171;
Мемлекеттік органда көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 6776.
Ал мәдениет саласы бойынша «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» және «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет алуға өтініш түскен жоқ.