Мұрағат анықтамаларын беру

Қызметтің атауы
Мұрағат анықтамаларын беру
Қызметті көрсететін Мемлекеттік орган
«Ақтөбе облысының мемлекеттік мұрағаты» КММ-мен оның филиалдары, аудандық мемлекеттік мұрағаттарымен, ХҚКО және www.e.gov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Қызметтіңтұтынушылары
Жеке және заңды тұлғалар
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін формасы
электрондық(ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Қызметтің көрсетілетін тәртібі
Мұрағат ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министірінің 2015 жылғы «17» сәуірдегі №138 бұйрығымен бекітілген
Қажетті құжаттар
1) көрсетілетін қызметті берушіге:
Уәкілеттілігін растайтын құжат, немесе өкілдің нотариалды куәландырылған сенімхаты және жеке басты куәландыратынқұжат (жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері жеке басын куәландыру үшін құжаттың электрондық көшірмесін жасайды, одан кейін оның тұпнұсқасын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады);
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған өтініш (болған жағдайда сұрау салынған мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері өтінішке қоса беріледі).
2) ХҚКО-ға:
Уәкілеттілігін растайтын құжат, немесе өкілдің нотариалды куәландырылған сенімхаты және жеке басты куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады, көрсетілетін қызметті ХҚКО жұмыскері жеке басын куәландыру үшін құжаттың электрондық көшірмесін жасайды, одан кейін оның тұпнұсқасын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады);
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған өтініш (болған жағдайда сұрау салынған мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері өтінішке қоса беріледі).
3) порталға:
көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу (болған жағдайда растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі).
Қызмет көрсетілуінің нәтижесі
1) көрсетілетінқызметтіберушіде, ХҚКО-да– әлеуметтік-құқықтық сипаттағы келесі мәліметтерді: жұмыс өтілін, жалақы мөлшерін, жасын, отбасының құрамын, білімін, марапатталғанын, зейнетақы жарнасы мен әлеуметтік төлемдердің аударылуын, ғылыми дәрежелер мен атақтардың берілуін, жазатайым оқиғаны, емделуде немесе қоныс аударуда болуын, қуғын-сүргінге ұшырағанын, жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау, Қарулы Күштерде, әскери бөлімдер мен құралымдардағы қызметін, экологиялық апат аймақтарында тұрғанын, бас бостандығынан айыру жерлерінде болғанын, азаматтық хал актілері, құқық белгілеуші және сәйкестендіру құжаттары жөніндегі мәліметтерді растау туралы мұрағат анықтамасы.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны – қағаз түрінде.
2) порталда мемлекеттік қызметтің нәтижесін алу күні мен орны көрсетілген хабарлама беріледі.