Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру

Қызметтің атауы
Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру
Қызметті көрсететін Мемлекеттік орган
«Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» ММ, сондай-ақ www.e.gov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы көрсетіледі
Қызметтің тұтынушылары
Заңды және жеке тұлғалар
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін формасы
электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз нысанында.
Қызметтің көрсетілетін тәртібі
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет «Мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 146 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет Стандартына негізделеді.
Қажетті құжаттар
1) көрсетілетін қызметті берушіге:
жеке басты куəландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде заңды тұлғаның сенімхаты немесе нотариалдық куәландырылған сенімхат (жеке тұлға үшін) (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
тарих және мәдениет ескерткiшi туралы мәтiндiк және бейнелiк ақпаратты қамтитын жобалау құжаттамасы.
2) порталға:
осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысандағы өтiнiш;
өтінішке қоса тiркелетiн, тарих және мәдениет ескерткiшi туралы мәтiндiк және бейнелiк ақпаратты қамтитын жобалау құжаттамасының электрондық көшiрмесi.
Қызмет көрсетілуінің нәтижесі
жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім хатын беру.