Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру

Қызметтің атауы
Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк беру
Қызметті көрсететін Мемлекеттік орган
«Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ, сондай-ақ www.elicense.kz, www.e.gov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы көрсетіледі
Қызметтің тұтынушылары
Жеке және заңды тұлғалар
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін формасы
электрондық нысан (ішінара автоматтандырылған).
Қызметтің көрсетілетін тәртібі
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет «Мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 146 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет Стандартына негізделеді.
Қажетті құжаттар
1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге:
жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) заңды тұлғаның сенімхат немесе нотариалды куәландырылған сенімхат (жеке тұлғаға) - көрсетілетін қызметті алушының өкiлi жүгінген кезде (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
мәдени құндылықтарға меншiк құқығын растайтын құжаттардың көшiрмелерi;
қабылдаушы тараптың мәдени құндылықтардың мақсаттары мен болу талаптары туралы шарттың көшiрмесi;
мәдени құндылықтардың беткi жағы мен керi жақтары суреттелген А-5 форматындағы екi фотосуретi;
заңды тұлғалар үшiн – уақытша әкету кезеңiне мәдени құндылықтардың сақталуы үшiн белгiлi бiр адамға жауапкершiлiк жүктеу туралы ұйым басшысының бұйрығы;
сараптауға жататын мәдени құндылықтар ретiнде қаралатын заттар;
2) порталға:
көрсетiлетiн қызметтi алушының электрондық цифрлық қолымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
мәдени құндылықтарға меншiк құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшiрмесi;
қабылдаушы тараптың мәдени құндылықтардың мақсаттары мен болу талаптары туралы шартының электрондық көшiрмесi;
мәдени құндылықтардың беткi және керi жақтары суреттелген А-5 форматындағы электрондық фотосуретi;
заңды тұлғалар үшiн – сұрау салуға қоса тiркелетiн, уақытша әкету кезеңiне мәдени құндылықтардың сақталуы үшiн белгiлi бiр адамға жауапкершiлiк жүктеу туралы ұйым басшысының бұйрығының электрондық көшiрмесi;
көрсетiлетiн қызметтi алушы сараптамаға жататын мәдени құндылықтар ретiнде қаралатын заттарды (көрсетiлетiн қызметтi берушiге қолма-қол ұсынады).
Қызмет көрсетіліуінің нәтижесі
мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк