-Ақтөбе облысындағы «Мәдени мұра» Ұлттық Жобасының 2013 жылда жүзеге асырылуы туралы

Ақтөбе облысындағы «Мәдени мұра» Ұлттық Жобасының
2013 жылда жүзеге асырылуы туралы
АҚПАРАТ
Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік тізімге енген республикалық және жергілікті маңызы бар 30 ескерткішке қорғау тақтайшалары әзірленіп орнатылды және 80 дана археологиялық ескерткіштердің паспорттары даярланды.
Сонымен қатар Қобда ауданындағы Абат-Байтақ және Әйтеке би ауданындағы «Хан моласы» қорымдарының қорғау, құрылыс салуды реттеу және табиғи ландшафт аймақтары белгіленіп, облыстық мәслихаттың шешімімен бекітілді.
Әйтеке би ауданы «Хан моласы» қорымында Кіші жүз ханы Әбілқайырға және халық жазушысы Т.Ахтановтың 90 жылдығына орай ескерткіш орнату үшін ескерткіштің ең үздік жобасына республикалық шығармашылық байқау өткізіліп, Ақтөбе қаласында қазақ әдебиетінің классиктері Т.Ахтанов пен Қ.Шаңғытбаевқа біртұтас ескерткіш - кешен тұрғызылды.
Облыс аудандарының тарихи-мәдени және табиғат ескерткіштерінің Жинағын құрастыру мақсатында Темір, Мұғалжар аудандарындағы барлау жұмыстары аяқталып, нәтижесінде аталған аудандардың Жинақтары және «Облыстық тарихи-өлкетану музейі этнографиялық коллекциясының каталогы», А.Бисембаев пен М.Дүйсенғалидың үш тілдегі «Ақтөбе облысының қазынасы» атты кітабы жарыққа шықты.
«Мәдени мұра» ұлттық жобасы аясында Қобда ауданындағы Абат - Байтақ және Алға ауданындағы Есет батыр мемориалдық кешендерінде шырақшы үйлерінің құрылысы салынып толығымен аяқталды.
Сонымен қатар бюджеттен тыс бөлінген қаржыға Ақтөбе қаласындағы «Ақтөбе қалалық орталық мешітінің» 110 жылдығына орай аталған мешітті күрделі жөндеуден өткізу және қосымша құрылыстың жұмыстары жүргізілуде.
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әбілқайыр ханның 320 жылдығына арналған «Әбілқайыр хан - тарих тағылымы» және Абылай ханның 300 жылдығына арналған «Қазақ елі, егемендік жаршысы хан Абылай» атты облыстық ғылыми конференциялары ұйымдастырылып өткізілді.
Тұтастай алғанда «Мәдени мұра» Ұлттық бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттен 213,9 млн теңге бөлініп игерілді.